05.11.2019, 15:06 2682

Қайрат МәмиАзия конституциялық соттары қауымдастығын басқарды

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі алдағы екі жылға Азия конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Отырыста келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қауымдастықтың 4-ші Конгресін өткізу мәселелері де талқыланды.

Нұр-Сұлтан. 5 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми 2019 жылғы 2-5 қараша аралығында Индонезияда өтіп жатқан азия елдерінің конституциялық бақылау органдарының кездесуіне және басқа да іс-шараларға қатысуда.

Бірінші күні Қ. Мәми Индонезия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Анвар Усман мырзамен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар конституциялық әділет органдарының функцияларын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциялық Кеңесі мен Индонезия Конституциялық Соты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол Конституция үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы екі органның өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

3 қарашада Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығының (ААСС) Мүшелері комитетінің отырысы өтті. Ұйымның құрамына жаңа мүшелер - Үндістанның және Мальдив Республикасының Жоғарғы Соттары қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі алдағы екі жылға Азия конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Отырыста келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қауымдастықтың 4-ші Конгресін өткізу мәселелері де талқыланды.

4 қарашада Қазақстан делегациясының басшысы Индонезия Конституциялық Сотының "Конституциялық Сот және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғау" тақырыбындағы 3-ші Халықаралық симпозиумының ашылу рәсіміне қатысты. Форум қатысушыларына ИндонезияныңВице-Президенті Мааруф Амин мырза құттықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессияларда Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы баяндама жасап, халықаралық заң жұртшылығын Кеңестің азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты шешімдерімен таныстырды.

Қ. Мәми өз сөзінде атап өткендей, Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Бұл норма Қазақстан өз азаматтарының лайықты өмір сүруі және жеке тұлғаның еркін дамуы үшін мемлекеттің мүмкіндіктеріне барабар жағдай жасау міндетін өзіне алатын мемлекет ретінде дамуға ниетті екенін білдіреді. Әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуы және қоғамдық сенім үшін үлкен маңызға ие, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны