14.11.2019, 19:37 14913

Еліміздің батыс өңірінен сарбаздар туған жерлеріне оралуда

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздардың жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпы өткізілді.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздардың жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпы өткізілді. Салтанатты шара кезінде 900-ге жуық сарбаз әскери бөлімнің саптық алаңымен соңғы рет өтті.

Сарбаздардың әскери бөліммен қоштасу іс-шарасы салтанатты түрде Ақтау, Ақтөбе және Атырау әскери бөлімдерінің жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпымен аяқталды. Бір жыл бойы сарбаздар жауынгерлік мамандықты меңгеріп, жауынгрелік даярлықта айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Салтанатты шығарып салу рәсіміне әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтерген, Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Командирлердің нанымы бойынша аталмыш шара әскери дәстүрлерді қолдап және сақтауға мүмкіндік беріп, сарбаздарға абыроймен атқарған парыздары үшін мақтаныш сезімін жоғарлатуға сеп болады.

Осы іс-шараға орай, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған сарбаздар грамотарлармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, олардың ең үздіктері әскери атаққа ие болды, солардың ішінде ефрейтор Аспандияр Арыстанов.

"Әскердегі бір жыл, мен және менің қызметтестерім үшін нағыз ерлік пен достықтың, өр мінезділік пен қайраттылықтың емтиханы болды. Бүгін біздер кіндік қанымыз тамған өлкемізге нағыз ер азамат болып оралудамыз. Бұның барлығы дерлік біздің командирлеріміздің арқасында, сол үшін оларға мың алғыс", - деді ефрейтор Аспандияр Арыстанов.

Әскери бөлімдердегі қалыптасып қалған салттарға сәйкес сарбаздар саптық алаңмен соңғы рет шерумен өтті. Бір қызығы, мерзімді әскери қызметшілердің біразы келісімшарт бойынша әскери қызметке қалуға бел буып, Қарулы Күштердің қатарында тұрақты түрде қалды, ал кетіп бара жатқандардың орның еліміздің барлық аймақтарынан күзгі шақырылымның жас сарбаздары толықтырады, деп хабарлайды "Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны