17.11.2019, 13:42 9087

Адалдық идеясын таратушылар Оралдағы түзету мекемесіне барды

"Айрықша ерекшелігін, жабықтығын, сондай-ақ, жұмыс істеуінің ерекше режимін ескергенде, пенитенциарлық жүйелер сыбайлас жемқорлықтың таралуына барынша қолайлы жағдай тудырады. Сол себепті өткізіліп отырған іс-шараның басты мақсаты - пенитенциарлық жүйедегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу",- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық басқармасының аға офицері Нұржан Ыхсанғалиев.

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы "Келешекке парасыз барайық.Бірге!" атты мобильдік топ мүшелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "РУ-170/1 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

"Айрықша ерекшелігін, жабықтығын, сондай-ақ, жұмыс істеуінің ерекше режимін ескергенде, пенитенциарлық жүйелер сыбайлас жемқорлықтың таралуына барынша қолайлы жағдай тудырады. Сол себепті өткізіліп отырған іс-шараның басты мақсаты - пенитенциарлық жүйедегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу",- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық басқармасының аға офицері Нұржан Ыхсанғалиев.

Айта кету керек, прокурорлар бұдан бұрын түрмелерде жазасын өтеушілер тарапынан жазаны өтеу режимін бұзу деректерінің бетін ашқан болатын.

Қамаудағылар түзету мекемелеріне тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, соның ішінде ұялы телефондарды алып өту мүмкіндігіне ие болған. Түрмеде ұялы телефонды пайдалану сотталғандарға қылмыстық байланыстарын одан әрі жалғастыруға ғана емес, сонымен бірге телефонды пайдаланып жасалатын алаяқтық қылмыстарды жүзеге асыруға, сондай-ақ, есірткі және ішімдіктерді жеткізуді жолға қоюға және оларды асырып беруге жол ашады, дейді прокурорлар.

Түзету мекемесінің жеке құрамымен кездесуде әскерилер мен түзету мекемелерінің қызметкерлері тарапынан қызмет бабын теріс пайдалану мен қызметтік мүддені сатуға жол бермеу мақсатына барынша назар аударылды. Ең бастысы, осындай заң бұзушылықтардың шығу себептері мен алғышарттарын жою шаралары қолданылуға тиіс, дейді құқық қорғаушылар.

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарымен танысты. Оларға сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бағытында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрушылық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының маңыздылығы атап көрсетілді. Сонымен бірге "Келешекке парасыз барайық.Бірге!" атты мобильдік топ мүшелері тарапынан әкімшілік қызметкерлерінің өздерінің қызметіне қойылатын бақылау күшейтілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны