Система Orphus

Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады

18.11.2019, 19:26 18280

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының (ӨР) ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаевтың жетекшілігімен келген делегацияны қабылдады.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың күш-жігерінің арқасында біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық сапалық тұрғыда жаңа деңгейге шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытын жалғастыруда", - деді А. Мамин.

Премьер-Министр агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өзара жеткізуді арттыру, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және үшінші елдердің нарығына шығу үшін едәуір әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Биыл 9 айда ҚР және ӨР арасындағы ауыл шаруашылығы шикізаты өңделген өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $770 млн-ға жуықтады. Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі көлемі бидай мен меслинге, бидай немесе бидай-қара бидай ұнына, кұнбағыс дәніне, қантқа, ірі қара малға, бидай қалдығына тиесілі. Өзбекстан Қазақстанға негізінен шие мен қызыл шие, балғын жүзім, өрік, қызанақ, шабдалы, құрма, көкөніс экспорттайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшысының қатысуымен екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ҚР мен ӨР арасында ауыл шаруашылығы саласында орташа мерзімді преспективаға ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Құжат ауыл шаруашылығы ғылымы, өндіріс, сертификаттау, сауда, цифрландыру, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер карантині салаларында 2019-2024 жылдары өзара іс-қимылды дамыту шараларын қамтиды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны