26.11.2019, 12:12 12391

Ташкент қаласында Қазақстан медицинасы күндері өтті

Денсаулық сақтау министрі медициналық қызмет көрсету шығындарының адам басына шаққандағы мөлшері өскенін атап өтті, МӘМС арқасында 67% -ға артып, 90 мың теңгеге дейін жеткізіледі.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ташкент қаласында (Өзбекстан) Қазақстан медицинасы күндері басталды. 21-22 қараша аралығында өткен шараға қатысу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам қазақстандық делегат Өзбекстанға келді.

Делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке меншік медициналық орталықтардың, ғылыми институттардың, клиникалардың, мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарының, шипажай-профилактикалық ұйымдардың, фармөндірушілердің, денсаулық сақтаудағы АТ-компанияларының және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар.

Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері - екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге, азаматтарға қолжетімді және сапасыл медициналық көмек көрсету үшін тәжірибе, білім, инновация мен технология алмасуға бағытталған. Қазақстан медициналық туризмді дамытып, медициналық және білім беру қызметтерін, сондай-ақ отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дамытып, насихаттауға ниетті.

Ташкенттегі Қазақстан медицинасы күндерінің ашылуында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов құттықтау сөз сөйледі. Мемлекеттер арасындағы тарихи байланыс бүгінде қарқынды дамып келеді, - деді министр. Оған Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында ұйымдастырылған осы іс-шара дәлел. Айта кету керек, 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан Республикасының жылы өтті.

"Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, осы бастама аясында өткізілетін іс-шаралар екі бауырлас халықтың арасын жақындатады, олардың достығының тереңдей түсуіне жол ашады", - деді Елжан Біртанов.

Министр көрші елдің денсаулық сақтау саласындағы ерекшеліктерге мән берді: "Денсаулық 2020" бағдарламасын ДДСҰ жоғары бағалады; соңғы жылдары Өзбекстан президентінің медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған 30 Жарлығы қабылданды; Өзбекстан Республикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып 2019-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың тұжырымдамасын бекітті.

Елжан Біртанов қазақстандық делегацияның да жетістіктеріне тоқталды. Халықаралық деңгейдегі жоғары технологияға сай медициналық қызмет көрсететін көп салалы клиникалар, инновациялық технология мен озық медицина ғылымына негізделген жоғары оқу орындары, ірі фармацевтикалық және IT компанияларының мүмкіндіктері туралы айтты.

"Қазақстанда денсаулық сақтау саласы - басты мемлекеттік мінеттің бірі. Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтауға бюджеттен бөлінетін қаржыны кезең-кезеңімен арттырады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау шығындарын 2025 жылы ЖІӨ-нің 5% жеткізуді тапсырды, ал қазір ол 3,2%", - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министр Елбасының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай МСАК және қоғамдық денсаулық сақтау саласына қарастырылған шығынның үлесін 60% дейін арттыру жоспарланғанын айтты.

Сонымен қатар, Біртанов Денсаулық сақтау саласындағы өзге де маңызды жетістіктерімен бөлісті. Мәселен, 2009 жылдан бері туберкулезден қайтыс болғандар саны 2,6 есеге азайған, қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмғандар 2,5 есеге; онкологиядан болған өлім-жітім 27,6 пайызға; нәресте өлімі 2,3 төмендеді.

Қазақстанда цифрландырудың нәтижесінде статистикалық деректердің сапасы жақсарды: қаңтардан бастап мемлекеттік медициналық ұйымдар қағазсыз құжат толтыруға көшті, халықтың 95% электрондық денсаулық паспорты бар, ал емханалардағы кезек 30% қысқарды. "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған институционалдық білім беру қолға алынды. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау саясаты басталды, медициналық-санитарлық алғашқы көмекке көп көңіл бөлінуде.

"Бүгінде МСАК дамыту бойынша 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудамыз. Осылайша, биыл елімізде 1 300-ден астам жаңа учаске ашылды, 2022 жылға қарай тағы 595 МСАК нысаны салынып, жаңартылады, оның ішінде МЖӘ есебінен. Бұл оларды біріктіруге және қадамдық қол жетімділікке мүмкіндік береді", - деді спикер.

Бұдан әрі Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандыру, дәрі-дәрмек ашық әдіспен сатып алу, тегін дәрі-дәрмек таратудың электрондық есебін енгізу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығын іске қосу туралы айтты.

"2019 жылы бірыңғай дистрибьютор тізімін қалыптастыру нәтижесінже ДЗ бағасы 40% дейін төмендетілді. Жалған дәрі-дәрмектерді анықтау үшін дәрілік заттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды. 2020 жылдан бастап рецептер электронды түрде беріледі " - деді Біртанов

Сонымен қатар, министр 2022 жылға дейін онкологиялық ауруларға қарсы күрес бойынша Кешенді жоспар енгізілетінін, оны іске асыруға қосымша 35 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінетінін, бұл тегін медициналық көмекті кеңейтуге бағытталғанын жеткізді.Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салынады, ол сәулелік және протондық терапияға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Жабдықтың негізгі бөлігі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде сатып алынатын болады.

"Денсаулық сақтауды тиімді қаржыландыру мақсатында МӘМС дайындық жүргізілді, оның аясында ТМККК жаңа моделі мен МӘМС пакеті негізінде медициналық қызмет көрстіледі", - деді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі медициналық қызмет көрсету шығындарының адам басына шаққандағы мөлшері өскенін атап өтті, МӘМС арқасында 67% -ға артып, 90 мың теңгеге дейін жеткізіледі.

Қорытындылай келе, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы мен Денсаулық сақтау Кодексі жобасы туралы баяндады.

Мәселен, Кодексте қоғамдық денсаулық сақтаудағы азаматтардың жауапкершілігін анықтауға, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге бағытталған бірқатар маңызды бөлімдер бар, электрондық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы аспектілері белгіленді және т. б.

Мемлекеттік бағдарлама Денсаулық сақтау жүйесін жақсартуда айтарлықтай серпіліс болады.

"Халықаралық денсаулық бағдарламалары негізінде балалар мен жастардың денсаулығына көңіл бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторлары қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге және негізгі инфекциялық емес аурулардан ерте өлім-жітімді азайтуға бағытталады, - деп қорытындылады министр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны