26.11.2019, 13:13 13910

Қарулы Күштерде деректер базасының цифровизациясы жалғасуда

"Цифрлық армия - 2020" бағдарламасын іске асыру және заманауи технологияларды қолдана отыра әскерді тиімді басқару щеңберінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде деректер базасын есепке алу бойынша бағдарламаларға оқыту жүргізілуде.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қарулы Күштерде деректер базасының цифровизациясы жалғасуда.

"Цифрлық армия - 2020" бағдарламасын іске асыру және заманауи технологияларды қолдана отыра әскерді тиімді басқару щеңберінде "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде деректер базасын есепке алу бойынша бағдарламаларға оқыту жүргізілуде.

Бес күндік курстардың барысында қызмет бастықтары, қойма бастықтары мен материалдық жауапты әскери қызметшілермен сабақтар ұйымдастырылды. Олар "Қазақстан ГИС Центр" акционерлік қоғамымен құрастырылған бағдарламалық жасақтамаларда қару-жарақтың, әскери техниканың деректерін, оқ-дәрілерді есепке алу бойынша оқытудан өтті.

"Әскери техника мен ресурстар есебінің автоматизациялануы әскери бөлімдердің жұмысын анағұрлым оңтайландыратын болады. Сонымен қоса, ол бөлім командирлеріне қарамағындағы қызметтердің жағдайын нақты бағалап, қолындағы өзекті және дәл ақпараттардың арқасында дұрыс шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді", - деп санайды "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров.

Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлік технологиялардың енгізілуі Қазақстан Республикасының Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшының жалпымемлекеттік "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына сәйкес жоспар бойынша енгізіліп келе жатқанын атап кеткен жөн.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны