01.12.2019, 18:25 12221

Асқар Мамин Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесу өткізді

Үкімет басшысы ЕО-ның Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі әрі ірі сауда серіктесі екенін атап өтті. Биыл 6 айда Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасына $5,4 млрд-тан астам инвестиция салды - бұл бірінші жартыжылдықтағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымының жартысын құрайды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі Диалогының үшінші отырысын өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі Диалог алаңы аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесу өткізді.

"Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастыққа оны Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықты бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, зор көңіл бөледі", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ЕО-ның Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі әрі ірі сауда серіктесі екенін атап өтті. Биыл 6 айда Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасына $5,4 млрд-тан астам инвестиция салды - бұл бірінші жартыжылдықтағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымының жартысын құрайды. А.ж. 9 ай ішінде ЕО-мен тауар айналымы $24 млрд-қа жуық болды.

Асқар Мамин Еуропалық Одақ елшілерін Қазақстанның ЕО-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын қолдау бойынша бұдан арғы ашық әрі белсенді диалоқа шақырды.

Еуропалық Одақ елшілері ҚР Премьер-Министріне ЕО-ның жаңа аймақтық үш жобасын таныстырды: "Орталық Азиядағы инвестициялық қызмет компоненттері", "Орталық Азияда халықаралық сауданы қолдау" және "Заңның үстемдігі мәселелері бойынша ЕО-ОА бағдарламасы".

Тараптар Қазақстандағы еуропалық компаниялардың қызметін, оның ішінде тендерлерге қатысу мүмкіндіктері мен жергілікті қамту нормаларын талқылады.

Кездесуге ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссон, Германия, Франция, Нидерланды, Польша, Австрия, Испания, Эстония, Италия, Бельгия, Латвия, Грекия, Испания, Хорватия, Румыния, Словакия, Венгрия, Финляндия, Чехия елшілері, Португалия, Болгария өкілдері, ірі еуропалық компаниялар мен "Франция - Қазақстан" СӨП басшылары қатысты.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин уәкілетті министрліктердің, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰЭП) басшылары мен ҚР құрылыс бизнесі өкілдерінің қатысуымен құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

"Құрылыс секторы - Қазақстан экономикасының өсімі мен оны әртараптандырудың негізгі драйверлерінің бірі. Бүгінде қазақстандық құрылыс компанияларының бәсекеге қабілеттілігі жеткілікті, олар құзыреттерін арттырып, халықаралық нарықтарға шығуы, құрылыс материалдарын ғана емес, көрсететін қызметтерін де экспорттауы қажет", - деді А. Мамин.

Құрылыс секторының өсім қарқыны биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 12,7% құрады. Еліміздің ЖІӨ құрылымындағы саланың үлесі 5,5% құрайды. Құрылыс саласы халықты жұмыспен қамту тұрғысынан ең ірі салалардың бірі, мұнда 641,4 мың адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда негізгі құрылыс материалдарының өндірісі ретке келтірілген.

Кеңесте құрылыс материалдарының отандық өндірушілерін қолдау және құрылыс индустриясындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік бақылау және техникалық қадағалау саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны