Система Orphus

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасына әсер ететін проблемалы мәселелер талқыланды

06.12.2019, 00:27 30862
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасына әсер ететін проблемалы мәселелер талқыланды

Орал. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің кадр мәселелері жөніндегі комиссиясы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық департаментімен бірлесе отырып өткізген жиында мемлекеттік аппараттың жұмыс сапасына әсер ететін проблемалы мәселелер талқыланды. Олардың бірі ауылдық округ әкімдерінің әйелдерінің шағымына қатысты болды. Әйелдер облыстық басқармалардың қызметкерлері тарапынан тексерудің жиі жүргізілетініне арызданған. Олар "Ақжайық адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесіне жүгінген.

"Мұндай оқиғалар аудандық әкімдіктердің деңгейіде де жиі кездесетінін білемін және олар өз қалталарынан қаражат шығаруға немесе демеушілерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Мұны сыбайлас жемқорлық деп қарастыруға тура келеді", - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

"Облыс әкімі ретінде менің берген бірінші бұйрықтарымның бірі - облыстан келген қонақтар үшін тегін тамақ немесе жатын орынға қатаң тыйым салу туралы болды. Өзім де асханалар мен қонақ үйлерде әрдайым чек талап етемін және сол арқылы оларда касса аппараттары немесе пос-терминалдардың бар-жоғын да біруақытта тексеремін. Аудандық әкімдіктер мен облыстық құрылымдардың барлығы бірдей осындай дұрыс қарым-қатынас стандарттарын қабылдап үлгерген жоқ. Өкінішке орай, көптеген басшылар немесе тексерушілер әлдекім оларға бәрін тегін жасап беруге тиіс деген ескі стереотиптен арыла қойған жоқ. Күтіп алу, шығарып салу, тарту-таралғы жасау және т.б. Барлық облыстық құрылымдардан және Батыс Қазақстан облысының аумағында жұмыс істейтін орталық органдардың бөлімшелерінен аудандарға сапарға шыққан кезде заңнамалық және этикалық нормаларға қатаң бағынуды сұраймын. Жұмыс нақты істелген іске қарап қана бағалансын. Біздің қызметкерлердің жалақысы анау айтқандай жоғары емес және оларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына итермелемейік", - деді өңір әкімі.

"Ақжайық адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің төрайымы Әлия Салиеваның пікірінше, өз функцияларын адалдықпен атқаруы үшін мемлекеттік қызметкерге қолайлы жағдай жасау керек.

"Адамның назарын оған қатысы жоқ шаруаларға бұрып жіберу салдарынан ол өзі көрсетуге тіис қызметтің сапасына нұқсан келтіреді. Бәрі осыдан келіп туындайды. Ауылдық округ әкімін таусылмайтын іссапарлардың шығынын өз қалтасынан шығаруға мәжбүрлеу сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс болып табылады".

Облыс әкімдігі осыған ұқсас "қонақжайлық" көріністерін біржола жоюға ниеттеніп отыр. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны