09.12.2019, 17:15 19367

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген

Қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын, яғни, 2018 жылға дейін тағайындалған отбасыларға (отбасына 10 500 теңге болатын), жаңа жәрдемақыға көшу ХҚКО-ға жүгінбестен, олардың отбасыларында бесінші және одан да көп баланың дүниеге келуін ескере отырып, автоматты түрде жүзеге асырылады.

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген.

4 және одан да көп балалары бар қазақстандықтарға көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қысқа мерзімде құжаттар тапсыруға ұмтыла отырып, ХҚКО-да ажиотаж жасау қажет емес. Бұл жәрдемақыны алу құқығын рәсімдеу мерзімі шектелмеген.

Қазіргі уақытта әр көп балалы отбасы бойынша іс макеттерін алдын ала қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Бұл азаматтарға ыңғайлы, яғни олардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы алу мүмкіндігі болу үшін алдын-ала жасалады. Құжаттарды қысқа мерзімде тапсыру қажетттігі туралы мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құжаттарды қабылдау үдерісі ешқандай мерзімдермен шектелмеген.

Қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын, яғни, 2018 жылға дейін тағайындалған отбасыларға (отбасына 10 500 теңге болатын), жаңа жәрдемақыға көшу ХҚКО-ға жүгінбестен, олардың отбасыларында бесінші және одан да көп баланың дүниеге келуін ескере отырып, автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жәрдемақы бірінші рет тағайындалған көпбалалы отбасыларға тағайындаудың белсенді форматын қарастыруда.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта Парламентте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралуда. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға - 53127 теңге; 6 балаға - 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға - 74 388 теңге.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны