09.12.2019, 17:17 19354

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринарлық зертханасының бұрынғы басшылығы пара алғаны үшін сотталды

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР АШМ Республикалық ветеринарлық зертханасының бұрынғы басшылығы пара алғаны үшін сотталды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдіктелген ҚР АШМ "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқарушы М. Ч. Итеновке, оның орынбасары және зертхана меңгерушісі Г.Р. Әділбаеваға, сондай-ақ осы РМК-ның тағамдық қауіпсіздігінің меңгерушісі Б. А. Алынязоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Итенов пен Әділбаева азаматты ветеринарлық зертханаға зертханашы ретінде жұмысқа орналастыру үшін 250 мың теңге көлемінде пара алғаны, сондай-ақ Итенов кәсіпкерлерге тиісті қорытындылар беруде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Осы үкіммен Алынязова да кінәлі деп танылды және сенімді асыра пайдалана отырып, мемлекетке мүліктік залал келтіргені үшін оған 757 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны