18.12.2019, 23:06 52131

Тимур Тоқтабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Т. Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген.

Алматы. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today -Тимур Тоқтабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Т. Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген. Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры (2011-2016 жж.), этика жөніндегі уәкілетті өкіл (2016 ж.), вице-министр (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған. Оған дейін "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ-да, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, "Қазгеоинформ" геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. қызмет еткен.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны