13.01.2020, 15:44 11753

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру мемлекеттік қызметіне Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе EGOV порталы өтініш беру қажет

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №51 қаулысымен өзгертулер енгізілгенін хабарлайды.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мекенжайына Қазақстан Республикасы азаматтарының және шекара маңында орналасқан ауыл тұрғындарының шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар алу мәселелері туралы сұрақтар түсіп жатады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №51 қаулысымен өзгертулер енгізілгенін хабарлайды.

Аталған жаңа өзгерістерге сәйкес қазіргі уақытта шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру мемлекеттік қызметі электрондық форматта жүзеге асырылады. Осыған байланысты аталған рұқсаттамаларды алу үшін қаулының қосымшаларында көрсетілген құжат үлгілері бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе EGOV порталы) өтініш беру қажет.

Қосымша ақпараттарды және құжат үлгілерін қаулыдан көруге болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны