Система Orphus

Шетелдік тіркеу нөмірі бар автокөлік иелеріне жаңа ереже шығарылды

21.01.2020, 13:44 13879

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Шетелдік тіркеу нөмірі бар автокөлік иелеріне жаңа ереже шығарылды.

Жамбыл облысының кейбір тұрғындары шетелдік тіркеу нөмірі бар автокөлік иелері болып табылады.

Жақын күндері, "Жол қозғалысы туралы" ҚР Заңында белгіленген шектеулерге сәйкес, бір жылдан астам уақыттан бері аймақта жүрген армян, ресей және қырғыз автокөліктеріне тыйым салынып, оларды облыстан шығару процесі басталады.

Аталған Заңның 63-бабында "Халықаралық жол қозғалысына қатысатын" және Қазақстанға бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін автокөліктерді қоспағанда, барлық көліктер Қазақстан Республикасында міндетті түрде тіркелуі керек делінген. Шетелдік тіркеумен мемлекет аумағында көлік құралын 12 айға дейін басқарып, кем дегенде 30 күнге шетелге қайта шығару қажет. ЕАЭО елдерінен бір жыл бұрын әкелінген және Қазақстанда тіркелмеген барлық көліктер біздің елде заңсыз болып табылады.

Бір жылдан астам уақыттан бері шетелдік нөмірі бар автокөлік жүргізушілеріне мұндай жағдайды шешудің үш жолы қарастырылады: барлық төлемдерді төлеп, көлікті рәсімдеу, оны өңдеуден бұрын 30 күннен астам уақыт бойы ҚР шекарасынан шығарып, қайтадан оралу немесе шетелге апарып сатуы керек.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны