31.01.2020, 12:40 10826

Мамин Беларусь және Молдова үкімет басшыларымен кездесулер өткізді

Қазақстанда молдавандық қатысуымен 70-ке жуық заңды тұлғалар, бөлімшелер мен өкілдіктер жұмыс істейді.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - А. Мамин Беларусь және Молдова үкімет басшыларымен кездесулер өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына және "Digital Almaty" форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румаспен және Молдова Премьер-Министрі Ион Кикумен екіжақты кездесулер өткізді.

Беларусь Премьер-Министрі С. Румаспен кездесуде инвестициялық, индустриялық, агроөнеркәсіптік, энергетикалық, транзиттік-көліктік, әскери-техника салаларындағы, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.

"Бүгінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың табысты әрі тиімді үлгісін көрсетеді. Біздің елдеріміздің арасында қарқынды саяси диалог орнатылған, терең экономикалық байланыстар қалыптасқан, ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара іс-қимыл тиімді дамып жатыр", - деді А. Мамин.

Елдер өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып жатыр. Олардың ішінде - "ҚазБелАз" БК базасында "БелАз" карьерлік техникасын құрастыру, "АгромашХолдинг" базасында комбайн және "Hyundai Trans Auto" ЖШС базасында "МАЗ" автотехникасын шығару, сондай-ақ "Алатау" лифт жасау компаниясы" базасындағы лифтілер өндірісі.

ҚР Премьер-Министрі өндірістік кооперацияны кеңейтуге және Қазақстан аумағында бірлескен өндірістерді жергіліктендіру деңгейін арттыруға қызығушылықтың бар екенін жеткізді.

Молдова Премьер-Министрі И. Кикумен кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен ЕАЭО форматындағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.

"Біздің елдер арасында сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен мәдени-гуманитарлық байланыстар нығая түсуде. Әр түрлі аймақтық алаңдарда біздің мемлекеттер басшыларының кездесулерінің тұрақты түрде өтуі Қазақстан - Молдова ынтымақтастығын нығайтуға өзара мүдделіліктің бар екенінің айғағы", - деді А. Мамин.

Қазақстанда молдавандық қатысуымен 70-ке жуық заңды тұлғалар, бөлімшелер мен өкілдіктер жұмыс істейді.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның Молдовамен сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуы үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны