03.02.2020, 19:01 10159

Қазақстан Республикасы ІІМ үздік тергеушілері мен анықтаушыларын анықтады

Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Сексенбаев Сабыржан Турсынбаевич 2019 жылдың үздік тергеушісі болды.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - ІІМ еліміздің үздік тергеушілері мен анықтаушыларын анықтады.

2020 жылдың 30-31 қаңтарында алғаш рет Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында "Қазақстан Республикасы тергеу бөлімшесінің үздік қызметкері" республикалық слеті өтті. Қызметкерлердің сотқа жөнелтілген қылмыстық істерінің саны, сотқа дейінгі іс жүргізудегі заңдылықтың қамтамасыз етілуі мен сапасы сараланды ж?не қызметтік-?скери т?ртібі ескерілді.

Қортынды бойынша:

Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Сексенбаев Сабыржан Турсынбаевич 2019 жылдың үздік тергеушісі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Сарыарқа аудандық ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция майоры Мухамбеткалиев Аскербек Сейлович 2019 жылдың үздік анықтаушы болды.

Қазақстанның әр өңірінен жиналған үздік 40 тергеушілер мен анықтаушылар Академияның бітіруші курсанттарымен өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Олар 4-курс курсанттарына өңірлік ерекшеліктерге қарай тергеу қызметінің қыр-сырын үйретіп, ақыл кеңестерін айтты.

Слет барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Адилов Санжар ішкі істер органдарында тергеушілер мен анықтаушылардың үлесіне жасалған қылмыстық істің 90% тергеу ауыртпалығы жүктелетіндігін және 2019 жылы 493 мың қылмыстық іс өндірісте болып, мұндай жүктеме еңбекті ұтымды ұйымдастыруды, әдісті және келісілген қызметті талап ететіндігін атап өтті.

Ішкі істер министрлігі тергеу қызметкерлерінің жұмысына тиісті жағдайлар жасау үшін, оның ішінде жалақыларын 55% арттырып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төлеу бойынша барын салып жатыр.

Сонымен қатар, тергеу қызметін жетілдіру әлеуеті сақталады. БАҚ және бұқарамен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеру қажет, жергілікті бөліністерді жоғарытехнологиялық құралдармен қамтамасыз етіп, қолжетімді ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру қажет.

Кездесу барысында, тергеу бөліністері құқыққорғау қызметіндегі маңызды мәселелерді шешетіндігі, кінәсіздік призумциясын қамтамасыз ететіндігі, сонымен қатар жасалған қылмыс үшін жазадан бұлтартпау қағидатын сақтайтындығы аталып өтті. Сондықтан ведомстволық оқу орындары үшін тергеушілерді даярлау - жауапты миссия. Қазіргі таңда бес оқу орындарының ішінде бакалавриат жүйесі бойынша тергеушілерді даярлауды тек ІІМ Қарағанды академиясы ғана жүзеге асырады.

Қарағанды академиясының бастығы Дәрменов Ақынқали өз сөзінде, өз мамандығының үздігі болып танылған қызметкерлердің басым көпшілігі Академия түлектері екендігін айтып өтті. Академия құрылғаннан бастап осы жылға дейін жиырма екі мыңнан астам түлек Академияны бітіріп шықты.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны