13.02.2020, 18:18 7047

Еуразия Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді

12 ақпан күні ҚР Қорғаныс министрі әскери стратегиялық орталыққа барды.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы Еуразиядағы көшбасшылар қатарында.

2019 жылдың қараша айында Үкіметтің жарлығымен Еуразиядағы жетекші орталықтарының бірі ҚР ҚМ қарамағына берілді.

12 ақпан күні ҚР Қорғаныс министрі әскери стратегиялық орталыққа барды. Ол ҚР қорғаныс саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға бағытталады. Орталық 2018 жылдың қорытындысы бойынша Еуразияның жетекші орталықтарының қатарында 17 орынды иеленді, ҚР Ұлттық сараптама комиссиясының бағалауы бойынша "2018 жылдың Қазақстандағы үздік кәсіпорны" аталымына ие болды. Қазіргі таңда Орталық 16 орында.

Орталықтың жұмыс атқаруды бастағаннан бері 100-ден астам ғылыми-зерттеу тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар, нормативтік-құқықтық актілердің 6 жобасы (Президент жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары), ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті үшін 26 оқу құралы, 41 әскери стандарттар дайындалды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери-ғылыми қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жиналыс өткізіп, 2020 жылға арналған "ҰӘСЗО" АҚ-ның президенті Қозы-Көрпеш Қарбозовтың баяндамасын тыңдады.

"Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" әскери қауіпсіздік саласында талдау мен стратегиялық зерттеулердің маңызды бөлшегі болып табылады. Зерттеушілер әскери қауіпсіздік мәселелерін экономикалық, ақпараттық және басқа да аспектілермен бірге кешенді зерттеуге мүмкіндігі бар", - атап өтті ведомство басшысы.

Бұдан өзге, министр ҚМ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін орнатуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны