13.02.2020, 18:44 23790

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдаудың маңызды екенін атап өтіп, Арқалық Жылу энергиясы орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдаудың маңызды екенін атап өтіп, Арқалық Жылу энергиясы орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны