13.02.2020, 18:45 23699

Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Мемлекет басшысына "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және Индустрияландыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысына, соның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік саласын дамыту, автомобиль жолдарын қайта жөндеу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны