20.02.2020, 19:55 8206

Еңбекмині мен БҒМ Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты

Қол қойылған құжат шеңберінде Еңбекмині мен БҒМ бекітілген КС негізінде ББ тізбесін және типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бірлесіп қалыптастыруды келіседі, ББ әзірлеуге тартылатын базалық ЖОО-ларды анықтайды, сондай-ақ ББ әзірлеу әдістемесі бойынша оқыту жүргізеді.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Еңбекмині мен БҒМ Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) базасында жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері бойынша кеңеске қатысты, оның қорытындысы бойынша Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі - ҰБЖ) енгізу мәселелерінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға ведомстволардың вице-министрлері, ЕРДО президенті Тамара Дүйсенова, Жобалық офистің өкілдері және ЕРДО сарапшылары, сондай-ақ елордалық ЖОО ректорлары мен проректорлары және колледж директорлары қатысты.

Кеңес жұмысын аша отырып, Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) Үкімет жанындағы Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің жұмыс органы болып табылатынын және Қазақстанда ҰБЖ енгізу мәселелеріне жауап беретінін атап өтті. ЕРДО базасында жұмысты әдіснамалық сүйемелдеу және үйлестіру үшін 2019 жылы Жобалық офис құрылды. Біздің экономикамыздың басым секторларында 480 кәсіптік стандарт әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

"Бүгінгі таңда өзекті мәселе - болашақ түлектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Бұл жерде еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, яғни кәсіптік стандарттар негізінде кадрлар даярлау жүйесін құру басымдыққа ие болып отыр. Біздің Білім министрлігімен ортақ міндетіміз - білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеу және кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты іс - қимыл алгоритмін іске асыру", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол сондай-ақ маңызды мәселе қызметкерлердің біліктілігін сертификаттау және растау болып табылатынын атап өтті.

"Бүгінгі таңда мамандарды сертификаттау жұмыстары жергілікті жерде жүргізілуде. Сертификаттау орталықтарына және біліктілікті тану рәсімдеріне қойылатын бірыңғай талаптар, жалпы әдістемелік құралдар жоқ, бұл Қазақстанда біліктілікті тануды қиындатады. Министрлік сертификаттаудың және біліктілікті растаудың бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды бастады", - деді Еңбекминінің басшысы.

Кеңес барысында кәсіптік стандарттар (бұдан әрі - КС) негізінде білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - ББ) өзектендіру және әзірлеу алгоритмдері талқыланды. "Электрониканы техникалық сүйемелдеу" КС үлгісімен "Алматы энергетика және байланыс университеті" ҚЕАҚ ректоры Сәуле Сағынтаева жаңа ББ шеңберінде әзірлеу алгоритмін оқудан өткен мамандар сәйкес келуге тиіс құзыреттерді егжей-тегжейлі баяндап берді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Политехникалық колледж" МКҚК директоры Қасымхан Сенғазиев КС-ны ББ әзірлеу кезінде құзыретті тәсілді жүзеге асыру құралы ретінде қолдану туралы айтып берді.

Кеңеске қатысушылардың кәсіби стандарттарын дамыту перспективалары туралы ЕРДО Болжау департаментінің Мамандық атласын сүйемелдеу басқармасының басшысы Ольга Киселева айтып өтті.

"Біз білім беру бағдарламаларын жасауда, мамандық таңдауда, персоналды басқарудың жаңа негіздерін енгізуде кәсіби стандарттарды қолдану мүмкіндігі туралы айтып отырмыз. Кәсіби стандарттар негізінде біліктіліктер банкі құрылады, ол электрондық еңбек биржасында орналастырылады және кәсіптерді таңдауда және қажетті дағдыларды табуда өтініш беруші мен жұмыс беруші арасында тез әрі тиімді диалог құралына айналады", - деді сарапшы.

Іс-шара соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстволардың талқыланатын бағытта одан әрі ынтымақтастығын реттейтін меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжат шеңберінде Еңбекмині мен БҒМ бекітілген КС негізінде ББ тізбесін және типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бірлесіп қалыптастыруды келіседі, ББ әзірлеуге тартылатын базалық ЖОО-ларды анықтайды, сондай-ақ ББ әзірлеу әдістемесі бойынша оқыту жүргізеді.

ББ әзірлегеннен кейін тараптар оларды білім беру ұйымдарының жүйесіне бірлесіп енгізеді, бекітілген КС негізінде техникалық және кәсіптік мамандықтар үшін үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіреді және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізуде көмек болатын оқыту семинарын өткізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны