05.03.2020, 23:16 7977

Жамбыл облыс прокуратурасы екі айлық жұмысын қорытындылады

Қылмыстылықтың ұйымдасқан нысандарымен, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың үйлестірілуі күшейтілді.

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облыс прокуратурасы екі айлық жұмысын қорытындылады.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Жамбыл облыс прокуратурасындағы жедел кеңесте а.ж. 2 айының жұмыс қорытындысы талқыланып, алдағы кезеңге міндеттер белгіленді.

Облыстағы крименогендік жағдай қылмыстылықтың 24 пайызға (1866-дан 1419-ға), оның ішінде ұрлық 43 пайызға (929-дан 529-ға), алаяқтық 19,2 пайызға (177-ден 143-ке), қарақшылық 20 пайызға (5-тен 4-ке) төмендеген.

Қылмыстылықтың ұйымдасқан нысандарымен, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың үйлестірілуі күшейтілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың қадағалау актілерінің негізінде 155 заң бұзушылық жойылды.

Бюджетке келтірілген 78,1 млн. теңге көлемінде шығын өтелді, сондай-ақ құны 90,1 млн. теңгеге мүлік қайтарылды.

1,1 мың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша мемлекеттік айып қолданды және қатысу қамтамасыз етілді.

Ден қою шараларымен мемлекет пайдасына өндіру туралы сот актілері 39,4 млн. теңгеге орындалды, еңбекақы берешегі 63 млн. теңгеден 13,6 млн. теңгеге төмендетілді.

Прокуратура органдарына деген халықтың сенімін арттыру мақсатында Құқық қорғау қызметтері орталығында жыл басынан бері құқықтық қарым-қатнастардың түрлі салалары бойынша азаматтарды қабылдаудың 4 акциясы өткізілді.

Шағымдарды сапалы қарау мәселелері әрдайым бақылауда, өткен 2 ай ішінде прокурорлар әр түрлі мәселелер бойынша 1 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдады.

Кеңес қорытындысымен, облыс прокуратурасының қызметкерлеріне қадағалау тиімділігін одан әрі арттырып, Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмаларын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны