Система Orphus

Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басымдықтары елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып қалатынын мәлімдейді

10.03.2020, 17:51 5887

Алматы. 10 наурыз. Kazakhstan Today - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ БІРЛЕСКЕН ҮНДЕУІ

ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келіспеушіліктер мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Бүгін, 2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30%-дан астам төмендеумен, барреліне $31-33 көлемінде саудалануда.

Осы жағдайға байланысты Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басымдықтары макроэкономикалық тұрақтылықты және салық-бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз ету, инфляциялық процестерді басқару және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып қалатынын мәлімдейді.

Сыртқы нарықтардағы қалыптасқан ахуалға және оның Қазақстан экономикасына әсер етуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажетті шешімдерді жедел қабылдау және оларды жүзеге асыру үшін Премьер-Министрдің басшылығымен Штаб құрылды.

Үкіметтің бюджет саясатының шаралары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға бағытталатын болады. Басым емес бюджет шығындарын қысқарту шаралары қабылданады.

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуін, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін болдырмауға ерекше назар аударатын болады.

Қызметкерлердің санын қысқартуға жол бермеуді және еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі.

Өз мандаты аясында Ұлттық Банктің тиісті ресурстары бар және базалық мөлшерлемені арттыру және адекватты бағамдық саясатты жүргізу арқылы монетарлық саясатты қатаңдату жолымен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті қадамдарды қабылдайтын болады. Аталған шаралар инфляцияның жеделдеуін шектейді, ұлттық валюта бағамының шамадан тыс құбылмалылығына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенциялар жүргізетін болады. Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамымен алып-сатарлық операцияларды болдырмау үшін алтын-валюта активтерінің жеткілікті көлемі, сондай-ақ реттеуіш құралдарды қоса алғанда, барлық қажетті құралдары бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Үкімет пен Ұлттық Банк теріс салдарларды азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие.


Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны