06.04.2020, 17:00 6531

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері блокпосттарды күшейтуге шықты

Бүгінгі таңда Атырау облысында төрт блокпостта 60-қа жуық әскер қызметшілер екі ауысыммен қызмет етуде. Оған қоса, блокпосттарды күшейту мақсатында төрт "Арлан" брондық техникасы бөлінді.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері блокпосттарды күшейтуге шықты.

Атырау қаласында карантиндік режимді қамтамасыз ету шаралары аясында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Полиция департаментінің өкілдерімен бірге блокпосттарда қызмет етуге шықты.

Атырау облысы Полиция департаментінің басшылығымен карантиндік аймақтардың периметрі бойынша блокпосттардағы кіру және шығу шектеулерін сақтау бойынша бірлескен қызмет ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Атырау облысында төрт блокпостта 60-қа жуық әскер қызметшілер екі ауысыммен қызмет етуде. Оған қоса, блокпосттарды күшейту мақсатында төрт "Арлан" сауытты техникасы бөлінді.

"Блокпосттарда тек қана тәжірибелі әскери қызметкерлер тартылды. Олар қазіргі қалыптасқан жағдайды және аймаққа қандай қауіп төніп тұрғанын жақсы түсінеді. Әскери қызметшілер түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс шешіп қабылдап, халық игілігіне қызмет етуге әзір", - деді "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров.

Жоғарыда айтылғандай, "Батыс" өңірлік қолбасшылығынан нысандарды дезинфекциялау және қаланы патрульдерден басқа, блокпосттарды күшейту үшін тиісті дайындықтары бар келісімшартты әскери қызметшілер тартылған болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны