07.04.2020, 15:46 4308

Әскери қызметшілер мен полиция карантин кезеңінде қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондары әскери полиция жасақтарының әскери қызметшілері Ұлттық Ұлан және полиция бөлімшелерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында патрульдеуге қатысады.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Әскери қызметшілер мен полиция карантин кезеңінде қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондары әскери полиция жасақтарының әскери қызметшілері Ұлттық Ұлан және полиция бөлімшелерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында патрульдеуге қатысады.

Бірлескен патрульдеу - бұл карантин кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара болып саналады. ?скери полицияның жасағы карантиндік аймақтың периметрі бойынша ұйымдастырылған блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етеді, қоғамдық орындарды патрульдейді және әскери автокөлік лектерін сүйемелдейді.

Төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында "құқық бұзушылықтың, ең алдымен ұрлық, тонау, биліктің заңды талаптарына бағынбау фактілерінің өсуіне жол бермеуге болмайды" деп тағы да атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны