12.05.2020, 21:42 3576

Қорғаныс министрлігінде қызметтік тұрғын үйді тапсыру мен алғашқы ПТР-зертханасын іске қосу мәселесі талқыланды

Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында қорғаныс ведомствосының басшысы жазғы демалыс пен демалыстардың басталуын ескере отырып, жергілікті тұрғындармен сапалы ақпараттандыру өткізуді тапсырды.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігінде қызметтік тұрғын үйді тапсыру мен алғашқы ПТР-зертханасын іске қосу мәселесі талқыланды.

Қорғаныс министрлігінде кезекті аппараттық кеңес өтті. Қызметтік тұрғын үй қорын жаңарту, Қарулы Күштердегі алғашқы ПТР зертханасын іске қосу және жеке құрамды коронавирусқа ауқымды тестілеу, әскери қызметшілердің Арыс қаласындағы қызметі және ?скер өмірінің басқа да өзекті мәселелері күн т?ртібіне қойылды.

Әскери қалашықтардың инфрақұрылымын дамыту, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау - әскери басшылық назар аударатын басым бағыттардың бірі. Осы аптада еліміздің Шығысындағы Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тұратын "Южный" жабық әскери қалашығында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Аталмыш тұрғын үйде сыртқы жылу трассасы мен ішкі алаң желілері жөнделіп, үйлердің шатыры ауыстырылды, жаңа терезелер мен есіктер орнатылып, ішкі желілер мен әрлеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, аула аумағы абаттандырылды.

Қорғаныс министрі тұрғын үйді тапсыру алдында жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруді ұйымдастыруды, сонымен қатар, әскери қызметшілерге кілттерді тапсыру бойынша тиісті іс-шаралар өткізуді тапсырды.

Соңғы уақытта аталмыш әскери қалашықтың келбеті түбегейлі өзгергенін атап өткен жөн. 18 тұрғын үйде 1 350 пәтер, оның ішінде 14 п?тер толық жөндеуден өтті. 2020 жылға арналған жоспарда 36 ғимарат пен нысанды күрделі жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың шілде айында күрделі жөндеуден кейін 70 пәтері бар тағы бір тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр.

Кеңестің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі Қарулы Күштердің алғашқы ПТР-зертханасын құру болды. Ол Алматы қаласындағы Қарулы Күштердің санитарлық-эпидемиологиялық орталығы базасында құрылған. Зертхана ғимаратының үй-жайлары жөнделіп, қажетті жабдықтар орнатылып, іске қосу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ арнайы мамандар, оның ішінде вирусологтар дайындалды.

Аталмыш зертхананы пайдалануға беру Қарулы Күштердің жеке құрамын, әсіресе инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға, коронавирусқа тестілеуге тартылғандарды кеңінен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ басқа да ПТР-зерттеулердің қажетті көлемін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы тиісті нұсқауды Қорғаныс министрі берген болатын.

Кеңесте маңызды м?селелер қатарын ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін өткізілетін мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды де қамтыды.

Ведомство басшысы атап өткендей ?скерге шақырылатындар денсаулығының қауіпсіздігі үшін қатаң шаралар қабылдау, жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп ПТР-тестілеуді ұйымдастыру қажет. Бұдан бөлек, барлық талаптар мен белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жеке құрамның әскери бөлімдерге келуі бойынша оқшаулауды ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру керек.

Елорда мен басқа да өңірлерде аумақтық қорғаныс бөлімшелері төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша міндеттерді орындауды аяқтады. Осы аптаның соңында жоспар бойынша дезинфекциялық жұмыстарды Қарағанды облысының аумақтық қорғаныс бригадасы аяқтайды.

Арыс қаласындағы әскери қызмет те кеңес барысында қаралды. Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдай салдарын жою бойынша біріктірілген құрама өз жұмысын жалғастыруда.

Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында қорғаныс ведомствосының басшысы жазғы демалыс пен демалыстардың басталуын ескере отырып, жергілікті тұрғындармен сапалы ақпараттандыру өткізуді тапсырды.

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әскери басшылық ірі гарнизондарда, темір жол вокзалдарында, қоғамдық орындарда әскери патрульдердің т?жірибесін жалғастыруды тапсырды. Бұл шешім тәртіпті сақтауға, киім нысанын кию ережелері мен қоса әскери қызметшілердің этикасын сақтауға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны