14.05.2020, 19:48 6618

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері өз пәтерлеріне қоныстанды

60 әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне "Южный" жабық әскери қалашығындағы тұрғын үйдің кілттері табысталды. Үй күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін тапсырылды.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері өз пәтерлеріне қоныстанды.

60 әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелеріне "Южный" жабық әскери қалашығындағы тұрғын үйдің кілттері табысталды. Үй күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін тапсырылды.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығымен ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі болып табылатын әскери қызметшілердің тұрақты баспанамен ғана емес, сондай-ақ қызметтік үймен қамтамасыз етілу құқығы өз шешімін табуда,- деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов. - Әскери қызметшілер жаңа пәтерлерін толық ішкі әрлеу жұмыстарынан кейін алады. Пластикалық терезелер, кіреберіс және ішкі есіктер, сантехникалық құрылғылар, электр плиталар орнатылып, өрт дабыл бергіштері, электр және су есептегіш құралдары іске қосылған. Үйдің қасбеті желдетілетін отқа төзімді жүйелермен қапталған".

Ауланың аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы және жаттығу құралдары бар спорт алаңы орнатылған.

"Южный" әскери қалашығының көптеген ғимараттары мен құрылыстары 70-90 жылдары салынған, бірақ соңғы кездері олардың келбеті түбегейлі өзгерді. 1350 пәтерден тұратын 18 тұрғын үйдің 15-і толық жөндеу жұмыстарынан өткен.

2020 жылғы жоспар бойынша 36 ғимарат пен құрылысқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған, 70 пәтерден тұратын бір тұрғын үйді шілде айында аяқтап тапсыру жоспарланған.

2018 жылы әскери қалашықта шамамен 1000 баладай оқитын жаңа мектеп ашылды. Мұнда 200 орындық балабақша, әскери емхана мен госпиталь, азық-түлік дүкендері және басқа да нысандар бар.

Спортпен шұғылдануға арналған спорт кешені бар. Әскери қызметшілердің балалары футбол, волейбол, таэквондо, джиу-джитсу және басқа да спорт түрлеріне қатысады. Мәдени-демалыс орталығында 6 мен 14 жас аралығындағы балаларға арналған би үйірмелері жұмыс істейді. Мектепте қосымша қолөнер мен музыканы дамытуға арналған шығармашылық үйірмелер, сондай-ақ спорт секциялары ұйымдастырылған.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің айтуынша, жабық әскери қалашықтағы өмірлері тыныш әрі бір қалыпты, ал аумақ аббатандырылып, тұрғын үйлердің жөнделуінен кейін айнала жайлана түсетініне сенімді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны