19.05.2020, 18:19 4121

Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды

Е. Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды.

Үкімет басшысы Қаржы министрлігінің алдына еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті.

А. Мамин Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

Е. Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған, ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны