02.06.2020, 21:42 6026

Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды

Ұлттық бірыңғай тестілеу осы жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін өткізіледі. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көбірек (117 мың) оқушы қатысады. ҰБТ-ны өткізетін 161-ге жуық пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды, қадамдық нұсқаулық қабылданды.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу осы жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін өткізіледі. Оған 131 мыңнан астам оқушы немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көбірек (117 мың) оқушы қатысады. ҰБТ-ны өткізетін 161-ге жуық пункт, 1 200-ден астам аудитория дайындалды, қадамдық нұсқаулық қабылданды.

ҰБТ дәстүрлі тәртіпте, алайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту үшін 5 зарарсыздандыру шарасы қолданылады, атап айтсақ: тест тапсырушының дезинфекциялау тоннелі арқылы өтуі, аяқ киімді арнайы дезинфекциялаушы кілемшеде өңдеу, қолды санитайзермен тазалау, температураны өлшеу, бір рет қолданылатын маска ұсыну. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі бойынша тест тапсырушылар арасындағы арақашықтық кемінде 2 м-ді құрайтын болады.

"Барлығы тыныш жағдайда өтуі керек, түлектер назарын тек тестке аударуы тиіс. Дәстүрлі түрде ата-аналар үшін тестілеудің онлайн таратылымын ұйымдастыру керек, осылайша ҰБТ үдерісінің ашықтығы мен айқындылығы қамтамасыз етіледі", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктеріне және өңірлер әкімдіктеріне ҰБТ-ны сапалы өткізуді және санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ҰБТ-ны қазіргі жағдайда өткізу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Өңірлердің әкімдіктеріне тест тапсыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалдау нормаларын сақтай отырып, түлектерді тасымалдауды ұйымдастыру, ҰБТ өткізу пункттерінің алдында адамдардың жаппай жиналуын болдырмау тапсырылды.

АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

ҚР ЕХӘҚМ желісі бойынша

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ДИНАМИКА БОЛЖАМЫ

Ағымдағы жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адам, жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.

Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 млн адам уақытша жұмысынан босатылды.

Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде карантиндік шараларды жеңілдету басталды, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Карантинді алып тастау және жұмыспен қамтуды толық қалпына келтіру биыл шілде айында болуы мүмкін.

Жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі - 6,1%.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЫҚПАЛДАСУ ШАРАЛАРЫ

2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған.

ЕҢБЕК - 600 мың адам

ЖҚЖК - 255 мың адам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША - 364 мың адам. Оның ішінде:

Нұрлы жол - 200 мың адам

Цифрлық Қазақстан - 50 мың адам

Нұрлы жер - 47 мың адам

Өңірлерді дамыту - 19 мың адам

Туризмді дамыту - 15 мың адам

БЖК - 2025 - 12 мың адам

АӨК дамыту - 10 мың адам

БҒДМБ - 6 мың адам

ИИДМБ - 5 мың адам

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

ЖАО 6 505 жобаны іріктеп алды:

6 113 жоба бойынша конкурс аяқталды

5 313 жобаны іске асыру басталды

103 мың жұмыс орны құрылды:

90,7 мың адам еңбекке орналасты

оның ішінде 47,3 мыңы - ХЖҚО арқылы

255 мың - жаңа жұмыс орны

210 млрд теңге - жалақы түріндегі табысы

700 млрд теңге - отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді қолдауға

23 мың ШОБ субъектісі тапсырыс алып, жұмыс орындарын сақтап қалады

615 жаңа нысан болашақта әлеуметтік активке айналады

1 млн адам табыспен қамтамасыз етіледі (отбасы мүшелері)

ЖҚЖК шектес салаларда 100 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын құру үшін негіз болады

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

93,4 мың жұмыс орны құрылды

2020 жылы барлығы 364 мың жұмыс орны құрылады

"ЕҢБЕК" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 2020 ЖЫЛЫ

176 млрд теңге қарастырылған (оның ішінде қосымша 50 млрд теңге)

шағын несие және гранттарға - 71,5 млрд теңге

оқытуға - 32,6 млрд теңге

субсидияланатын жұмыс орындарына еңбекке орналастыру және қоныс аударуға субсидиялар - 71,9 млрд теңге

225 мың адам қатысушы болды.

2020 жылы барлығы 600 мың адам қамтылады.

ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ, ГРАНТТАР

несие мерзімі - 5 жылдан 7 жылға дейін

несие сомасы 8,0 мың АЕК дейін, мөлшерлемесі - жылына 6%

грант сомасы 200 АЕК дейін

бір рет беріледі

КӘСІПТІК ОҚЫТУ

ҰБТ тапсырмағандар, ЖОО-ларға түспей қалғандар, NEET жастар, аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз азаматтар;

тегін оқыту;

шәкіртақы төлеу;

ТжКБ үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Жаңа жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы

ҚР БҒМ желісі бойынша

ҰБТ 17 рет өткізіледі

ҰБТ форматы өзгертілген жоқ

Жетілдірілген ҰБТ - 2020

ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды онлайн тапсыру және кіру кезінде бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) тұлғаны сәйкестендіру;

ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті енгізу;

SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тесттерінің балдарын ҰБТ балына аудару шкаласын енгізу. Көрсетілген сертификаттарға ие тұлғалар ҰБТ тапсырудан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады;

Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие;

Педагогикалық даярлау бағытына түсушілер үшін ҰБТ шекті балын 70 балға көтеру;

ҰБТ тапсыру уақыты созылады, тестіленушілерге тапсыру орындарында калькуляторлар берілетін болады

ҰБТ-да IV тоқсан сұрақтары жоқ.

2020 жылғы 15 сәуірден 10 мамырға дейін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылданды.

ҰБТ қағаз форматында өтеді

ҰБТ-ға барлығы 131 755 өтініш тіркелді:

биылғы мектеп түлектерінен - 111 109 өтініш

Өткен жылдардағы мектеп және колледж түлектерінен - 20 646 өтініш

Оның ішінде:

Онлайн тапсырылғаны - 110 678

Әдеттегідей тапсырылғаны - 21 077

Өткізілетін уақыты - 20 маусымнан 5 шілде аралығында

Барлық пункттер саны - 161:

ЖОО-лар базасында - 38

мектептер базасында - 120

колледждер базасында - 3

Медициналық-санитарлық талаптарды қатаң сақтау

Ата-аналарға және басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады.

ҰБТ өту барысын қарау үшін онлайн көрсетілім жүргізіледі

ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталуын қамтамасыз етеді.

50 % толтырылыммен 1200 аса аудитория іске қосылатын болады.

Ұйымдастырушылық мәселелер

сұрақ кітапшалары басылып шығарылды

мемлекеттік және аппеляция комиссияларының құрамы бекітілді

ҰБТ бейне трансляциясы 100% қамтамасыз етілді

ұялы байланыс сигналдарын бәсеңдеткіштер - 100 %

металл іздегіштер - 100%

аудиториялардың әзірлігі - 100%

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны