30.06.2020, 15:35 9374

Қорғаныс министрлігінде коронавирус індетімен күрес жөніндегі іс-шаралар талқыланды

Әскерлерде барлық санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын ескере отырып, 2020 жылғы әскери халықаралық ойындарындағы жеке конкурстарды өткізу орындары мен командаларды дайындау жалғасуда.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігінде аппараттық кеңес барысында жеке құрамды карантиндік шаралар жағдайында жауынгерлік даярлау және оқыту мәселелері, Қарулы Күштердегі коронавирус індетімен күрес жөніндегі іс-шаралар талқыланды.

Қарулы Күштердегі жазғы оқу кезеңінде басқару органдары мен әскерлерді дайындаудың бірыңғай кешенді стратегиялық міндеті көзделген іс-шаралар жалғастырылуда.

Қорғаныс ведомствосы басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев алдын ала дайындық жүргізу мен сабақ өткізу бағдарламаларын, нысандарын нақтылау қажеттігін атап өтті. Білім алушылардың әскерлерді қолдануды жоспарлаудағы білім мен дағдылардың толыққанды кешенін меңгеру мақсатында толық динамикалық жағдайларда дағдарыстық жағдайлардың бір мезгілде туындауымен жағдай жасалған.

Ату дайындығын ұйымдастыру мәселесі жеке қаралды. Кеңесте жаңғыртылған бағдарламаларды сапалы меңгеру, жаттығуларды орындау, жеке құрамның оқу және бақылау атыстарын орындау қажеттігі атап өтілді.

Әскери-теңіз күштеріндегі тәжірибелік сабақтарда корабльдер экипаждарының техникалық құралдар мен қару-жарақты басқару дағдыларын қалыптастыруға, корабльдің төзімділігі үшін күреске және шартты жауға қарсы іс-қимылға бағытталған барлық экипаж мүшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігіне бірінші кезекте назар аудару туралы нұсқаулар берілді.

Әуе қорғанысы күштеріне жауынгерлік оқу міндеттерімен қатар елдің әуе шептерін күзету бойынша қызмет атқару кезінде қырағылықты төмендетпеуді, сондай-ақ Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттарын даярлау бағдарламасында белгіленген ұшу сағаттарының санын орындауды тапсырылды.

Жұқтырғандарды анықтау, оқшаулау және емдеу бойынша жүргізілген алдыңғы жұмысты талдау, сондай-ақ инфекцияның таралуының алдын алудағы практикалық тәжірибе негізінде ҚР Қарулы Күштерінде күзгі-қысқы кезеңге коронавируспен күрес бойынша жоспар әзірленді. Қорғаныс министрі объектілер мен аумақтарды дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларды өткізу саласында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды толық және сапалы іске асыруға, сондай-ақ ұйымдастыруға назар аударды.

Белгіленген мерзімдерге сәйкес азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру өтеді. Кеңесте шақыру комиссиясының жұмысына қойылатын санитарлық талаптар жеткізілді. Атап айтқанда байланыссыз термометрия, маскалық режим, әлеуметтік дистанцирлеу және үй-жайларды өңдеу.

Әскерлерде барлық санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын ескере отырып, 2020 жылғы әскери халықаралық ойындарындағы жеке конкурстарды өткізу орындары мен командаларды дайындау жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны