03.07.2020, 21:23 3686

Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті

Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді", - деді министр.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті.

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанмен су қатынастары саласындағы маңызды құжаттың бекітілгені туралы хабарлады.

"Ташкентке жұмыс сапары барысында бүгін Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі ел арасындағы су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасына қол қойдық", - деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, қол қоюға "біздің ведомстволарымыздың ұзақ және үздіксіз келіссөздері себепші болған".

"Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді", - деді министр.

"Жол картасындағы тағы бір маңызды тұс - су ресурстарын бөлудегі айқындық", -дейді ол. Мырзағалиев өзбек тарапымен келіссөздер жалғасуда екенін, "күн тәртібінде тағы бірнеше стратегиялық мәселелер бар" екенін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны