10.07.2020, 19:31 7415

ҚР Денсаулық сақтау министрі ҚХР Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо мырзамен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Цой Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырзамен телефон арқылы сөйлесті

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Цой Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырзамен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған "Қазақстанда жаңа пневмония шықты" деген материалды талқылады.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда ауруларды, оның ішінде коронавирус инфекциямен байланысты пневмонияны есепке алу және тіркеу аурулардың халықаралық жіктемесіне, диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес әлемдік тәжірибе негізінде әзірленетінін хабарлады.

Сондай-ақ, А.Цой елдегі коронавирс инфекциясын емдеу тәсілдері туралы айтты.

Министр биыл сәуірде COVID-19 қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстандық дәрігерлерге кеңес беру үшін тәжірибелі мамандарын жіберген Қытай Халық Республикасының көмегін жоғары бағалайтыны атап өтілді.

Сондай-ақ, тараптар болашақта да ынтымақтастықты жалғастыруды талқылады.

Қытайдың бірқатар БАҚ Қазақстанда белгісіз пневмония шықты деген ақпарат таратқан болатын, бұл шындыққа жанаспайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны