14.07.2020, 14:18 3400

Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Қорғаныс министрлігінде, барлық әскери бөлімдер үнсіздік минуты карантин талаптарын қатаң сақтаумен өткізілді.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

2020 жылдың 13 шілдесі Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды.

Қорғаныс министрлігінде, барлық әскери бөлімдер үнсіздік минуты карантин талаптарын қатаң сақтаумен өткізілді.

Ұлттық аза тұту күнінде қорғаныс ведомствосының, еліміздің барлық аумақтарындағы әскери бөлімдер мен мекелердің мемлекеттік туы, дәстүр бойынша сағат 8.00-де көтерілетін Әскери-теңіз күштері кемелерінде туы төмен түсірілді.

Қаза болғандарды еске алу мен құрметтеу үшін індетпен күреске бей-жай қарамайтын азаматтар қаза тұту белгісін тақты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері пандемияның алғашқы күнінен бастап отандастарымызға індетті және оның салдарын жоюдағы күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны