06.08.2020, 22:28 7433

Жаңа оқу жылында оқушыларға арналған арнайы тарифтік жоспар іске қосылады

""Білім" тарифтік жоспарының абоненттік төлемі айына 990 теңге. Бұл тарифтік жоспарды 20 тамыздан кейін қолдануға болады. Жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттары қазір Білім және ғылым министрлігімен пысықталуда. Сондай-ақ, байланыс операторлары 1 ГБ интернет трафигін қосымша ұсынады",-деді Бағдат Мусин.

Алматы. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Жаңа оқу жылында оқушыларға арналған арнайы тарифтік жоспар іске қосылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтаған еді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусиннің айтуынша, тарифтік жоспарда отандық бейне-конференц байланыс жүйесін қоса алғанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық (жергілікті және ҚР аумағындағы) 380 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалану қарастырылған.

""Білім" тарифтік жоспарының абоненттік төлемі айына 990 теңге. Бұл тарифтік жоспарды 20 тамыздан кейін қолдануға болады. Жаңа тарифтік жоспарға қосылу шарттары қазір Білім және ғылым министрлігімен пысықталуда. Сондай-ақ, байланыс операторлары 1 ГБ интернет трафигін қосымша ұсынады",-деді Бағдат Мусин.

Бұл іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі және байланыс операторлары арасында қазақстандықтардың білім беру ресурстарына шектеусіз қосылу жөніндегі ынтымақтастық меморандумын қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылғанын айтып өткен жөн.

Бұдан өзге, министрлік тіркелген байланыс операторларымен бірге тиісті талдау жүргізіп, операторлардың мектептердегі интернет жылдамдығын

8 Мбит/сек дейін қосу/арттыру мүмкіндіктерін анықтады.

Осы бойынша тиісті ақпарат жергілікті әкімдіктерге жолданды. Жергілікті әкімдіктер мектептерді интернетпен қамту бойынша жұмыс жүргізуі керек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны