07.08.2020, 17:31 5604

Қарағандылық прокурорлар мердігерлік ұйымның басшысына қатысты тергеу бастады

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге сомасында зиян келтірілген. Қазіргі уақытта ЖШС-нің директоры сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандылық прокурорлар мердігерлік ұйымның басшысына қатысты тергеу бастады.

Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы "DCT Kazakhstan" ЖШС директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) тергеу бастады.

Қадағалаушы орган кәсіпорын басшысының 2018 жылы "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражаттарын ұрлауда күдікті екенін атап өтті.

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге сомасында зиян келтірілген. Қазіргі уақытта ЖШС-нің директоры сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Тергеу барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны