10.08.2020, 23:59 7786

Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы Бейрутке аман-есен жетті

8 тамыз күні таңертең ҚР Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша порттағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін құрамында 29 әскери дәрігер мен 4 аудармашысы бар топ Бейрутқа жіберілген болатын.

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Президенті - ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды.

7 тамызда ҚР Президенті - ҚР ҚК Бас қолбасышысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы межеленген пунктке аман-есен жетті.

Бейрут халықаралық әуежайында жасақты Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі бригадалық генерал Аби Карам және Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани қарсы алды.

"Біз Ливанға көмек көрсетудегі Қазақстанның осы игі ісін бағалаймыз және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз", - деді Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айында төтенше жағдай кезінде елде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтар құрылды. Олар жедел әрекет етуге және Қарулы Күштер қолбасшылығының арнайы міндеттерін орындауға арналған. Әскери дәрігерлер еліміздің түрлі аймақтарында тапсырмаларды орындады және қазір ел басшылығының тапсырмасы бойынша Ливан халқына медициналық көмек көрсету үшін алға шықты.

Әр түрлі жағдайда жұмыс істеу үшін арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтың персоналы бітімгершілік дайындық бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Ливан Әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-тан кем емес адам қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, алайда ауруханалар толы болғандықтан зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмайды.

Қазақстан Республикасындағы Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады. Топ құрамына жоғары білікті хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медицина көмек көрсету болып табылады.

8 тамыз күні таңертең ҚР Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша порттағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін құрамында 29 әскери дәрігер мен 4 аудармашысы бар топ Бейрутқа жіберілген болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны