17.09.2020, 23:06 6553

Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Өз кезегінде, А.Балаева зерттеу нәтижелері ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігін айғақтайтынын атап өтті.

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Онлайн форматында өткен отырысқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста "Ашық үкімет" порталдарын танымал ету және дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпарат тыңдалды.

Жиын барысында жеке деректерді қорғау мәселесі де сөз болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.Қ. Әбдіхалықов және Ішкі істер министрінің орынбасары С.С.Сәрсенов жеке деректерді қорғау және оларға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар мен проблемалық мәселелер туралы баяндады.

Баяндамаларды қорытындылай келе, Ақпарат және қоғамдық даму министрі аталған мәселені тұрақты түрде жұмыс істейтін сарапшыларды тартумен өтетін дөңгелек үстелде талқылауға шақырды.

Отырыс барысында "Зерде" ҰИКХ АҚ-мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерге жүргізілген талдаудың қорытындылары талқыланды.

Талдау көрсеткендей, бірқатар мемлекеттік органдар "Ашық деректер" порталында ашық деректер жиынтығын дер кезінде жариялауды қамтамасыз етпейді (data.egov.kz).

Сондай-ақ, отырыста "Ашық үкімет" порталдарын танымал ету және дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпарат тыңдалды.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының салалық заңнамасын оның ақпаратқа қол жеткізу саласындағы талаптарға, стандарттар мен қағидаттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру қорытындылары талқыланды.

"Рухани жаңғыру" ҚҚДИ КЕАҚ Басқарма төрағасы Д.Н.Есиннің баяндамасында: денсаулық сақтау, экология, жер қатынастары, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, қаржы салалары, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тетіктері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру перспективалары бойынша ұсыныстар айтылды.

Өз кезегінде, А.Балаева зерттеу нәтижелері ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігін айғақтайтынын атап өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына "Ашық үкімет" порталдарымен жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны