20.10.2020, 21:23 8313

Ақтауда қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына награда табысталды

Ақтау гарнизонында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан аға сержант Жолдасжан Эрешбаевты марапаттау рәсімі өтті. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап әскери қызметші коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда болды.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Ақтауда қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына награда табысталды.

Ақтау гарнизонында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан аға сержант Жолдасжан Эрешбаевты марапаттау рәсімі өтті. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап әскери қызметші коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда болды.

Аға сержант өзінің әскери бөлімінде дезинфекциялық топтың құрамына кіріп, Ақтау қаласының аумағын өңдеумен айналысты. Басқа әріптестері сияқты өңдеу жұмыстарын күн сайын жасады. Алайда, қауіпсіздік шараларына қарамастан, қауіпті вируспен күресуге қатысқан әскери қызметші науқастанып, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде COVID-19-дан қайтыс болды.

Еске алу рәсімі барысында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев Қорғаныс министрінің аға сержантты "Ел қорғаны" медалімен марапаттау туралы бұйрығын оқыды. Әскери қызметшінің марапаты оның жұбайына табысталды. Марқұмның артында бес перзенті қалды.

Марқұмның әріптестерінің айтуынша, ол қызметте өз ісінің лайықты маманы болған. Әрқашан жоғары жауапкершілікпен және тәртіптілікпен ерекшеленіп, жауынгерлік даярлықта жақсы нәтижелер көрсеткен. Достары мен таныстары оны басқаларға жанашыр, қамқор адам ретінде еске алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны