26.11.2020, 15:45 17893

Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық серіктестікті дамытуды жалғастырады

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарының мазмұндық аспектілерін талқылады.

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - "Орталық Азия - Корея Республикасы" Сыртқы істер министрлерінің ынтымақтастық форумының 13-ші отырысына қатысу шеңберінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. COVID-19 пандемиясына қарамастан, тұрақты саяси диалог жоғары деңгейде, сондай-ақ коронавирустың таралу салдарын тезірек еңсеру контекстіндегі өзара іс-қимылдың жоғары қарқыны сақталып отырғаны атап өтілді.

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарының мазмұндық аспектілерін талқылады.

Министр Сеулге жұмыс сапары аясында Корея Республикасының Премьер-Министрі Чон Се Гюн және Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Пак Бен Сокпен кездесті.

Министр екіжақты саяси диалогты, парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Корея Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны