15.01.2021, 19:41 9931

Асқар Мамин Үкіметті қайта басқарды

Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Мамин Қазақстанның Премьер-Министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратыны туралы Жарлыққа қол қойды. Министрлер Кабинеті мүшелерінің өкілеттігін тоқтату Парламент Мәжілісінің жаңа құрамын сайлаумен байланысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны