20.01.2021, 18:25 10078

Қазақстан басқа елдер өз міндеттемелерін бұзған жағдайда халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата алады

Сондай-ақ, халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру немесе қолданысын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу тәртібі регламенттеледі.
Нұр-Сұлтан. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңнамалық түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 

Заң жобасының негізгі нормалары басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар халықаралық шарттарды жасау кезінде алған өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының осы халықаралық шарттарды орындауды тоқтата тұру немесе қолданысын тоқтату түрінде қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауына бағытталған", - деп хабарлайды Мәжілісінің баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру немесе қолданысын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу тәртібі регламенттеледі. Халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру немесе қолданысын тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сайтында жариялау көзделеді.
 

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттар туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялау бойынша да түзетулер енгізді", - деп Мәжілісте нақтыланды.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны