26.01.2021, 18:27 6909

Қазақстанда Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады

"Жалған кәсіпорындар мен қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін осы бөлімшенің мәртебесін арттырып, қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құру қажет".
Нұр-Сұлтан. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанынандағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жалған кәсіпорындар мен қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін осы бөлімшенің мәртебесін арттырып, қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құру қажет", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 
Ол, сондай-ақ, Қазақстанның бір кедендік-тарифтік саясатының тиімділігі жеткіліксіз екенін атап өтіп, Үкіметке ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін мемлекет шекарасындағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны