27.01.2021, 17:58 10075

Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушы мәртебесіне ие болды

Ынтымақтастық ұшу қауіпсіздігі, авиациялық оқиғаларды тексеру, авиациялық қауіпсіздік, қоршаған орта және халықаралық азаматтық авиацияның басқа да салаларын қамтиды.
Нұр-Сұлтан. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясының бақылаушы мәртебесін алып, ТМД елдерінің арасында осы ұйымға қабылданған үшінші мемлекет болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен (ЕСАС) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық ұшу қауіпсіздігі, авиациялық оқиғаларды тексеру, авиациялық қауіпсіздік, қоршаған орта және халықаралық азаматтық авиацияның басқа да салаларын қамтиды.
 

Азаматтық авиация комитеті 5 жылдан астам ECAC-қа бақылаушы ретінде қосылу үшін жұмыс жүргізді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі іске қосылғаннан бері бұл мәселені пысықтау ИКАО өңірлік офисінде және Еуропалық комиссияда өткізілген кездесулерде күшейтілді. Қазақстан ECAC-қа бақылаушы бола отырып, қазақстандық тасымалдаушылардың ұшу қауіпсіздігі, ұшу географиясын кеңейту, қоршаған орта проблемалары, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері сияқты жалпыеуропалық деңгейде біздің еліміз үшін бірінші кезектегі маңызы бар мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды. Байқаушылар ECAC өткізетін барлық ашық отырыстар мен конференцияларға қатысады", - деп хабарлады ведомстводан.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны