04.02.2021, 19:26 10232

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындау туралы өкімге қол қойды.
Нұр-Сұлтан. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ермек Әшімханұлы Оспанов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары болып Жеңіс Фарахатұлы Елемесов пен Ұлан Ермұханұлы Раисов тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырған болатын. Көп ұзамай Президент Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның төрағасы болып Жанат Элиманов тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны