18.02.2021, 20:25 10350

Қорғаныс министрлігі ҚР мен РФ арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты дайындады

Шартты іске асыру түрлі салаларда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық жөніндегі шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулы жобасының мақсаты "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу болып табылады.

Шартты іске асыру әскери ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі, мәдениет пен спорт саласындағы, сондай-ақ әскери ынтымақтастықтың басқа да бағыттарындағы екі мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасауды, өзара іс-қимыл мүддесінде әскерлерді (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін жобада қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы" № 438 Жарлығына қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны