26.02.2021, 22:47 12244

Тоқаев Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президентін туған күнімен құттықтады.
Нұр-Сұлтан. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, түрік халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сіздің пәрменді көшбасшылығыңыз бен саралы саясатыңыздың арқасында Түркия өзінің тұрақты дамуын жалғастырып, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, ықпалды аймақтық және халықаралық актор ретінде мерейін үстем етуде мол табыстарға қол жеткізуде. Осы тұста, еліңіздің тың белестерді бағындыруына бағытталған маңызды бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың лайым оңынан шығуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанның екі ел арасындағы бауырластық рухындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға өркендеуіне, стратегиялық әріптестік аясының кеңеюіне қосқан үлесін өте жоғары бағалады.
 

Биік деңгейдегі мазмұнды диалог пен екіжақты қарым-қатынастарды халықтарымыздың игілігі үшін нығайта түсуге дайындығымды қуаттап, мемлекеттеріміз мүдделік танытатын күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Өзіңізбен Қазақстанда жүздесетініме үміт артамын", – деп жазылған Қазақстан Президентінің құттықтауында.

 
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қажымас қайрат, зор бақыт, ал түрік халқына бақ-береке тіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны