04.06.2021, 20:24 14727

Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде

АЛМАТЫ. 4 МАУСЫМ - Бүгін Қазақстан Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұран күнін атап өтуде. Республиканың ресми атрибутикасы 29 жыл бұрын бекітілген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгін Алматы әкімдігінің бастамасымен сағат 13.00-де мемлекеттік Әнұранды қосу және орындау үшін флешмоб өтеді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылып, Әнұран шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, мемлекеттік Әнұранды орындауға шақырады.
 

Акцияның мақсаты – азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну", - деп атап өтті әкімдікте.

 
Қала тұрғындары мемлекеттік Әнұранды саябақтар мен скверлер, жаяу жүргіншілер көшелері, метро станциялары мен вагондар аумағында, СОСО, "Медеу" биік таулы кешені мен "Шымбұлақ" курорты, сондай-ақ "Көк Төбе"саябағында тыңдай алады.
 
Мемлекеттік рәміздер күні тек Қазақстан қалаларында ғана емес, шетелдерде де атап өтіледі. Норвегияның Свальбард провинциясының әкімшілік орталығы - Лонгйир қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ахинжанов Арктикалық әлемдік мұрағат басшылығымен кездесіп, оған ҚР Мемлекеттік рәміздері бар файлдарды сақтауға берді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
 
Арктикалық әлемдік мұрағатта тарихи және мәдени маңызы бар сандық деректер, маңызды үлкен деректер, зияткерлік меншік және басқа да ақпарат бар. Деректер 500 және одан да көп жыл қызмет ету мерзіміне арналған тасымалдаушыларда, мәңгі аяз жағдайында терең болат қоймада болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың соңында Қазақстанда азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерді кеңінен пайдалануына рұқсат етілді. Атап айтқанда, Қазақстан туын ғимараттарға, соның ішінде үйлердің балкондарына, сондай-ақ салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарға орнатуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны