19.10.2021, 19:36 45378

Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Оның айтуынша, биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАЗАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 
Оның айтуынша, биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды.
 

Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!", - деп қосты Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны