07.01.2022, 16:05 341

Мемлекет басшысы православ христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады

"Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деп қорытындылады Қазақстан Президенті.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қымбатты отандастар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өкінішке қарай, азаматтар еліміздегі күрделі ахуалға және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты осы мейрамды қалыптасқан дәстүрге сәйкес атап өте алмайды. Бірақ, олар жақындарымен бірге отбасында отырса да, бұл мерекенің рухани-адамгершілік құндылықтарды, гуманизм және қайырымдылық идеяларын дәріптеп, халықтың болашаққа сенімін нығайта түсетінін ұмытпауы керек", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

 
Оның айтуынша, православ христиандары біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға, өзара түсіністік пен татулықты орнықтыруға әрдайым зор үлес қосып келеді.
 

Дін, дәстүр және мәдениет саласындағы әралуандық мемлекеттілігіміздің берік негізіне айналды. Қазір біз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ерекше жанашырлық пен ынтымақ танытуымыз керек", - деп толықтырды Президент.

 
Сондай-ақ, ол бәріміз бірлесіп ең басты игілігіміз – халқымыздың бірлігін сақтай отырып, қиындықтар мен сынақтарды еңсереміз деп сенім білдірді.
 

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деп қорытындылады Қазақстан Президенті.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны