11.05.2022, 16:46 32936

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
АНКАРА. 11 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды.
 
Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды.
 
Бұдан өзге сапар аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті.
 
Қазақстан мен Түркияның қорғаныс ведомстволарының басшылары өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны