17.08.2022, 15:11 15516

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымына жаңа төраға таныстырылды

Марат Омаров әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинаған.
НҰР-СҰЛТАН. 17 ТАМЫЗ - Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымына жаңа төраға Марат Омаровты таныстырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мұрат Нұртілеу Марат Омаровтың әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинағанын атап өтті.
 
Мұрат Нұртілеу қазіргі уақытта ведомство қызметінің алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған маңызды міндеттер тұрғанына баса мән берді. Атап айтқанда агенттік әділ бәсекені дамыту және қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, экономиканы демонополизациялауға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу жұмысына бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс.
 
Сөз соңында Президент Әкімшілігінің басшысы агенттік ұжымына табыс тіледі.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны