07.10.2022, 18:53 25966

Тоқаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар ОСК-ға келіп түсті

Тоқаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар ОСК-ға келіп түсті
Сурет: akorda.kz
АСТАНА. 7 ҚАЗАН - 2022 жылғы 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттары ұсынылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ОСК-ға келесі құжаттар ұсынылды:
 
  • "AMANAT" партиясы, Қазақстан Халық партиясы, "Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы", "Ардагерлер ұйымы", "QAZAQSTAN TEAM", "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі", "Генералдар кеңесі", "Қазақстандық спортшылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестіктерінің жоғары органдары отырыстарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірмелері;
  • Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны